Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын экспресс-тестілеу жүргізіле бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы COVID-19 инфекциясын анықтайтын жылдам тестілеудің қалада кімдер үшін қолжетімді болатынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Астаналық ведомствоның басшысы Сәуле Қисықова коронавирусты анықтайтын жылдам тестілеу құралдары Нұр-Сұлтанға жеткізілгенін мәлім етті.

Сондай-ақ ол аталған тесттерді пайдалану тәртібі еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында бекітілгенін атап өтті. Нақты айтқанда, экспресс-тестілеу бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлерге, сондай-ақ коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жұмыстарымен айналысатын ұйымдардың қызметкерлеріне жүргізіледі.

Бұдан бөлек, жылдам тестілеулер түрлі аурулар бойынша дәрігердің есебінде тұрған адамдарға жүргізіледі.

"Бұл жұмыстар бүгіннен басталады", – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәуле Қисықова коронавируспен ауырған адамн инфекция тасымалдаушысы болып қала ма деген сұраққа жауап берген болатын.

Оның айтуынша, егер пациентте сынақ теріс нәтижені көрсетсе, тасымалдау туралы айту мүмкін емес.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын экспресс-тестілеу жүргізіле бастады