Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыржан Мықтыбаев: Елбасының үндеуі - дер кезінде жасалған маңызды қадам

Опубликовано:

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстері, белгілі күйші Батыржан Мықтыбаев еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған үндеуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Батыржан Мықтыбаев: Елбасының үндеуі - дер кезінде жасалған маңызды қадам
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz: Twitter

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев Елбасы жариялаған мақаланы талдай келе өз ойын ортаға салды.

"Өздеріңіз білетіндей, әлемде болып жатқан күрделі оқиғалар біздің елімізді де айналып өтпеді. Адамзат тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі ретінде саналатын коронавирус пандемиясы қай мемлекетке болмасын оңай тиіп жатқан жоқ.

Осы ретте, Қазақстанның Тұңғыш Президенті маңызды мәлімдеме жасап, "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" деген мақаласын жария еткен болатын.

Өз сөзінде Елбасы осындай сын сағаттарда барлық қазақстандықтарды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды.

Нұрсұлтан Әбішұлының бұл үндеуі дер кезінде жасалған маңызды және қажетті қадам деп есептеймін. Тұңғыш президент қиындықта жан-жаққа қол ұшын беру халқымыздың қанында бар, бойымызға сіңген асыл қасиет екенін және қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі ретінде біздің бірлігімізді атап өтті.

Осы орайда, қай заманда да ынтымағы берік болған қазақ халқы бұл қатерден де аман-сау өтеді деп сенеміз. Бірлік барда алынбайтын асу жоқ. Баршамыз бір болайық!", - дейді Батыржан Мықтыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849715-batyrzan-myktybaev-elbasyny-ndeui-der-kezinde-zasalgan-mayzdy-kadam/

pixel