Выйти
RU

Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіш өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда бірінші сәуірден бастап бір айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге болып бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіщ өзгерді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мәлім етті.  

Мұндай шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны жылдық көрсеткіште 10 пайызға индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданған.

Осыған сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап

айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге,

ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңге (өзгерістер енгізілгенге дейін - 38 636 теңге),

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (31 183 теңге болған),

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңге (16 839 болған),

ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңге (өзгеріссіз қалды) болып өзгертілген.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда халыққа үндеу жариялап, инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмекті 10 пайызға индексациялауды тапсырған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы мен жәрдемақының қашан 10 пайызға артатынын айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіш өзгерді