Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада тағы бір адам коронавирустық инфекциядан сауығып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

нурсултан

Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 54-ке жетті.

Олардың 29-ы Нұр-Сұлтан, 23-і Алматы қаласында болса, біреуі Ақтөбе облысында тағы бір адам Солтүстік Қазақстан облысында.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 709 адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Соның ішінде 7 пациент вирустың құрбанына айналды.

Өлім дерегі Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Түркістан және Қарағанды облыстарында тіркелген.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирустан айыққан адамдар вирус тасымалдаушысы болып қала бере ме деген көптің көкейіндегі сауалға жауап берді.

Маманның сөзінше, науқастар хаттамаға сәйкес екі апталық емнен кейін екі рет вирусқа тест тапсырады. Егер осы екі ретте де пациенттен инфекция анықталмаса, ол үйіне жіберіледі.

Бұндай жағдайда пациентті вирус тасымалдайды деп айту да орынсыз.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың басым бөлігінде аурудың белгілері мен дене қызулары жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан айықты