Выйти
RU

Малахов Алматыдағы әскери-далалық госпитальға тәнті болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал тележүргізуші Андрей Малахов "Прямой эфир" кешкі бағдарламасының бірінде коронавирус тақырыбын талқылау барысында Алматының жанында әскери-далалық госпитальды көрсетіп, таңырқай суреттеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Россия 1 YouTube арнасына cілтеме жасап.

Малахов Алматыдағы әскери-далалық аурухананы мақтады (видео)

Андрей Малахов. Фото: видеодан кадр

Кешкі шоу 7 сәуір күні "Россия 1" телеарнасында көрсетілген.

Тележүргізуші америкалық ақ халаттылардың жұмысын көріп, жағасын ұстаған. Ондағы әскери-далалық ауруханаларын сынға алып, кейін көрерменге Алматы жанында түсірілген кадрлерді ұсынады.

Малахов Алматыдағы далалық госпитальдың қысқа уақыт ішінде ұйымдастырылғанын атап өтіп, палаталардың ішіндегі жабдықтардың рет-ретімен тұрғанын да бағалады.

"Қараңыздаршы, іші адам сенгісіз әдемі", – деді экрандағы видео үзіндіге қатысты пікір білдірген тележүргізуші.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталмыш госпиталь Тараздан Алматыға жеткізілген. Қайта тұрғызуға 72 сағат жұмсалған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 709-ға жетті. Малахов сөз еткен АҚШ-та COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 400 мыңнан асып жығылады.

Кешкі шоуда Андрей Малахов Алматы жанындағы әскери-далалық госпитальды көрсеткен сәтін 46-минут 50-секундтан бастап көруге болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Малахов Алматыдағы әскери-далалық госпитальға тәнті болды (видео)