Выйти
RU

Ақмола облысында дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көкшетаудағы дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

көкшетау

Көрнекі фото: pixabay.com

Қайғылы жағдай туралы агенттікке қала әкімі Амангелді Смайылов хабарлаған.

"1996 жылы туған ер адам бір-екі сағат бұрын қайтыс болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деді шаһар басшысы.

Агенттіктің мәліметінше, қала тұрғынының үстіне Әуелбеков көшесіндегі ғимараттың шатыры құлаған. Ол бірден көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілген. Нейрохирургтер шұғыл ота жасаған.

Ауыр бассүйек-ми жарақатын алған марқұмның жағдайы өте ауыр екені хабарланған. 

Медициналық мекемедегілер, жас жігіттің сағат 12.30-да қайтыс болғанын жеткізді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін 7 сәуірде Ақмола облысында соққан қатты дауыл салдарынан Бурабай ауданы Үрімқай ауылында 40 жастағы күзетші жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болғаны хабарланған еді.

Одан бөлек, өңірдегі боран салдарынан кішкентай бала мен келіншек және зейнеткер зардап шеккен.

Атап айтқанда, Сандықтау ауылында жеті жасар балаға ғимарат шатыры құлап кеткен. Зардап шеккендердің барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Дауылдан жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге де айтарлықтай залал келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам көз жұмды