Выйти
RU

Коронавирустың екінші толқыны пайда болуы мүмкін бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

COVID-19 бойынша Шанхай сараптамалық тобының басшысы Чжан Вэньхун коронавирустың екінші толқыны пайда болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл қайғылы салдарға әкелуі де ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ caixinglobal-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Қауіпсіздік сақтауды және ұзақ уақыт бойы пандемиямен толыққанды күресуді ұсынамын. Біз пандемияның екінші толқынына дайын болуымыз керек. Ол басталып та кетті", - деді қытайлық вирусологтардың бірі.

Чжан Қытайда пандемияның екінші толқыны COVID-19 белгілері байқалмайтын адамдар мен сырттан дертті жұқтырып келгендерге байланысты туындайтынын айтады. Оның сөзінше, жаңа толқын тіпті ұзаққа созылуы мүмкін.

"Коронавирус пандемиясына байланысты көңіл көншітпейтін болжамдар тек Қытайға ғана емес, барлық әлемге қатысты болып отыр. Ауру қашан бақылауға алынады, жыл соңында ма әлде келесі жылы ма- оны тұрақтандыруға жұмсалған жаһандық күшке байланысты болады. Мәселені қысқа уақытта шешу үшін шаралар өте қатаң және радикалды болуы тиіс", - дейді Чжан Вэньхун.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 миллионға жуықтады. Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан аса адам коронавирустан қайтыс болса, 302 мыңға жуығы вирусты жеңіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустың екінші толқыны пайда болуы мүмкін бе