Выйти
RU

Жәкішев түрмеден шыққаннан кейін қандай қиындыққа тап болғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішев денсаулығына байланысты тәулігіне екі сағаттан артық жұмыс істей алмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қабілетті емеспін: Мұхтар Жәкішевтің түрмеден кейінгі өмірі қалай өзгерді

Мұхтар Жәкішев. Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіптің" экс-басшысы қазір жұмысқа аса қабілетті адам емес екенін хабарлады.

"Жұмыс істей бастасам, қан қысымым құбыла бастайды. Қазір жұмысқа қатты қабілетті адам емеспін. Ақпарат алып, оған талдау жасап, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын ұсыну мен үшін қазір біраз қиындау", - деді Жәкішев желі қолданушыларымен болған Facebook-тегі бейнебайланыс кезінде.

Оның айтуынша, елде жарияланған карантинге байланысты денсаулығын толық тексерістен өткізу мүмкін болмай тұр.

"Карантиннің аяқталғанын күтіп жүрмін. Қазіргі жағдайда біздің медицина тек шұғыл жағдайлар бойынша жұмыс істейді", - деді ол.

Айта кетсек, Мұхтар Жәкішев 19 наурызда Семейдегі ОВ-156/14 колониясынан бостандыққа шықты.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Жәкішев үш рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Оның өтініші екі рет қабылданбаған болатын.

Осы жылы наурыз айының басында Семейдегі №2 сотта Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жәкішев түрмеден шыққаннан кейін қандай қиындыққа тап болғанын айтты