Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Kyzylorda-news.kz" ақпарат агенттігі қауіпті індет туралы ақпараттық-медиа бөлімді іске қосты

Опубликовано:

"Сыр медиа" серіктестігіне қарасты "Kyzylorda-news.kz" ақпарат агенттігі веб-сайтының базасында әлемді шарпыған қауіпті індеттің Қызылорда облысындағы ахуалы туралы нақты, ресми әрі жан-жақты мағлұмат беретін "COVID – 19" атты ақпараттық-медиа бөлім іске қосылды.

"Kyzylorda-news.kz" ақпарат агенттігі қауіпті індет туралы ақпараттық-медиа бөлімді іске қосты

Бүгінде Сыр елінің басты ақпарат көзіне айналған агенттіктің сайтында арнайы "COVID – 19" баннері орналастырылған. Осы айдардың ішінде Қызылорда облысындағы ахуалдың, яғни, коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастардың статистикасын көруге болады. Ол өңірде қауіпті індет жұқтырған әр науқас тіркелген сайын автоматты түрде жаңарып отырады. Әрі соңғы мәліметтер Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен 7 аудандағы ахуалды бөлек-бөлек көрсетіп тұрады.

Бұдан бөлек, аталған айдардан "Жаңалықтар", "Сұрақ-жауаптар", "Нормативтік-құқықтық актілер" топтамаларын көруге болады.

Веб-сайттағы "COVID – 19" ақпараттық-медиа бөлімінің "Жаңалықтар" топтамасында коронавирус инфекциясы туралы әлем және еліміздегі, сондай-ақ, Қызылорда облысындағы соңғы жаңалықтармен танысуға мүмкіндік жасалған. Бұл топтамада, әсіресе, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар мен қайырымдылық шараларына, түрлі акцияларға басымдық берілген.

Ал "Сұрақ-жауаптар" топтамасында қауіпті індетке байланысты ең жиі қойылатын 20 сауалдың толық әрі нақты жауабы жазылған.

Сондай-ақ, осы инфекцияға байланысты мемлекет басшысының түрлі жарлықтары мен үкіметтің, облыс әкімінің, Қазақстанның және Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары мен бұйрықтарын, тиісті шешімдерін "Нормативтік-құқықтық актілерден" табасыз.

"Kyzylorda-news.kz" ақпарат агенттігі қауіпті індет туралы ақпараттық-медиа бөлімді іске қосты

Аталған ақпарат агенттігінің бас редакторы Нұрсұлтан Мықтыбайдың айтуынша, жаңадан ашылған ақпараттық-медиа бөлім облыс тұрғындары үшін дер кезінде іске қосылып отыр. Себебі, бұл жоба аймақта күн сайын тарап отырған көптеген жалған ақпараттар мен түрлі негізсіз қауесеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

"Kyzylorda-news.kz" ақпарат агенттігінің жаңартылған әрі жетілдірілген дизайндағы заманауи сайтының іске қосылғанына да көп бола қойған жоқ. Десек те, жаңа дизайн агенттік тілшілеріне көптеген жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мәселен, біз веб-сайтта "COVID – 19" ақпараттық-медиа бөлімін еш қиындықсыз жүзеге асырдық. Елімізде төтенше жағдайдың жарияланғанына бір ай болған жоқ.
Бірақ, осынау уақыттың ішінде түрлі әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде күн сайын жүздеген жалған ақпараттардың таралуы тоқтар емес. Бұл жағдай біздің өңірде де кездесіп отыр. Сондықтан, қауіпті індетке байланысты облыстағы ахуал, аймақтағы нақты статистикалық мәліметтер мен соңғы жаңалықтар топтастырылған интернет-ресурс жасау туралы шешім қабылданды.
Аталған бөлім екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бұдан бөлек, оқырмандармен кері байланысты жандандыру және облыс тұрғындарының мазалаған сауалдарына дер кезінде жауап беру мақсатында сайтта "Бізге жаңалық жіберіңіз" бөлімі ашылып, онда арнайы "WhatsApp" нөмірі көрсетілді. Күніне 30-35 оқырман осы "WhatsApp" нөміріне тікелей хат жазып, өздерінің мазалаған сауалдары мен мәселелерін жолдап отырады.
Біз ол сұрақтарды тиісті мекемелерге жіберіп, 15-20 минуттің ішінде жауап береміз. Сондай-ақ, қауіпті індетке арналған ақпараттық-медиа бөлімде елорда мен облыста өтіп жатқан онлайн брифингтерді сол уақытта тікелей көруге мүмкіндік бар", – дейді Нұрсұлтан Ертуғанұлы.

Айта кетейік, "Kyzylorda-news.kz" ақпарат агенттігінің веб-сайтындағы "COVID – 19" ақпараттық-медиа бөлімі – облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849747-kyzylorda-newskz-akparat-agenttigi-kauipti-indet-turaly-akparattyk-media-blimdi-iske-kosty/

pixel