Выйти
RU

Елордада карантинге қарамастан интимді қызмет көрсеткен спа-салон анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режиміне қарамастан жұмысын тоқтатпаған спа-салон табылды. Мұнда интимді қызмет көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

сппас

Көрнекі фото: pixabay.com

Бірқатар шектеу шараларына қарамастан клиент қабылдауын жалғастырған спа-салон жайлы елордалық ПД криминалды полиция басқармасы мәлім етті.

Тексерістен кейін салон иелерінің тек карантин талаптарын бұзып қана қоймай, көңіл көтеру орнын жезөкшелер ордасына айналдырғаны анықталды.

Ведомствоның хабарламасында спа-салонның коттедж аумағында ұйымдастырылғаны айтылды. Қолға түсіру кезінде үйде 8 адам болған. Ұсталғандардың жетеуі интим қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздар.

Енді қамауға алынғандардың "Төтенше жағдай режимін бұзу" және "Жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін ғимаратпен қамтамасыз ету" баптары бойынша заң алдында жауап берулеріне тура келеді.

Бірінші бап бойынша тәртіп бұзғандарға 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамау көзделген. Алайда ұсталғандар 5 тәулікке қамалған.

Ал екінші бап бойынша спа-слонның әкімшісі ғана жауап берген. Оған әкімшілік хаттама толтырылған.

Полиция карантин кезінде қажеттілік туындамаса үйден шығуға болмайтынын тағы да ескертті.

Астаналықтар көшеге тек дүкенге, дәріханаға немесе жұмысқа бару үшін ғана шыға алады. Балалардың үлкендердің қарауынсыз сыртқа шығуына тыйым салынған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Еске сала кетсек, Алматыда төтенше жағдай режимі жарияланса да жұмысын тоқтатпаған сауна анықталған еді. Белгілі болғандай, онда жезөкшелер қызмет көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада карантинге қарамастан интимді қызмет көрсеткен спа-салон анықталды