RU

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылды

Таразда бұған дейін коронавирус жұқтырған 86 жастағы әжей тұратын "Қарасу алқабы" шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Қазір қарт кісі инфекциялық стационарда ем алуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, коронавирус анықталған әжей 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болған.

Қазір зейнеткермен байланыста болған бес тұлға анықталып, карантинге орналастырылған.

Қарт кісінің тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілген. Сонымен қатар әжей тұратын подъездегі пәтерлердің 27 тұрғыны 14 күнге оқшауланып, оларға өз пәтерлерінен шығуға тыйым салынған.

Тұрғындармен тиісті мамандар әңгімелесулер жүргізіліп, өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығын түсіндірген. Подъезде полиция қызметкерлері кезекшілік етеуде.

Сондай-ақ, тұрғындарды Тараз қаласының әкімдігі қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Жалпы өңірде коронавирус жұқтырудың 45 дерегі тіркелген.

Оның ішінде шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде 11 адамнан, Делиден келген әуе рейсіндегі 6 жолаушыдан COVID-19 анықталған.

Сондай-ақ, Тараз қаласында 5, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында бір-бір адамнан коронавирус табылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849760-tarazda-kpkabatty-trgyn-jdi-podezdi-karantinge-zabyldy.html