Выйти
RU

БАҚ: АҚШ барлау қызметі коронавирус жайлы былтыр қараша айында ескерткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың барлау қызметі 2019 жылғы қараша айының соңында Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирустың өршуі туралы АҚШ билігін ескерткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

ABC телеарнасының мәліметінше, былтырғы қараша айының соңында Ұлттық медициналық барлау орталығының (NCMI) баяндамасында Уханьдағы ауру жайлы егжей-тегжейлі айтылған. Аталған баяндама спутник суреттері мен ұсталған деректердің сараптама нәтижелеріне негізделіп жасалды. Сол кезде барлау қызметі Қытайдағы вирустың өршуі Азиядағы АҚШ қарулы күштеріне елеулі қауіп төндіреді деп болжаған.

Дереккөздің ақпарынша, NCMI баяндамасының авторлары аурудың өршуі – катастрофалық оқиға деген шешімге келіп, бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігінің барлау басқармасына, Пентагон штаб басшыларының біріккен комитеті мен Ақ үйге әлденеше рет хабарлаған.

Телеарнаның мәліметінше, былтырғы желтоқсан айында бұл тақырыпта жоғары лауазымды саясаткерлердің қатысуымен тұрақты түрде брифингтер де өткізіліп тұрған. Және қаңтар айында АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жағдайдың дамуы жөнінде күнделікті мәлімет алып отырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: АҚШ барлау қызметі коронавирус жайлы былтыр қараша айында ескерткен