Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус инфекциясының ошағы 37-ге жетті

Опубликовано:

Оңтүстік астанада коронавирус инфекциясының жаңа ошақтары пайда болды. Қазіргі уақытта мегаполис аумағында инфекция анықталған аймақтар саны 37-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Алматы қаласының әкімдігі қазіргі уақытта қауіпті саналатын жаңа мекенжайлар тізімін ұсынды. Ол жерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары анықталған.

Көрсетілген мекенжайлардағы барлық үйлер қоршалып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматыда коронавирус инфекциясының ошағы 37-ге жетті

Алайда, бұдан бөлек, шектеу шаралары алынып тасталған аймақтар да белгілі болды. Соңғы деректерге сәйкес, бұл тізімге 18 үй кірген.

Алматыда коронавирус инфекциясының ошағы 37-ге жетті

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Таразда коронавирус жұқтырған 86 жастағы әжей тұратын "Қарасу алқабы" шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылған болатын.

Қазір зейнеткермен байланыста болған бес тұлға анықталып, карантинге орналастырылған.

Қарт кісінің тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілген. Сонымен қатар әжей тұратын подъездегі пәтерлердің 27 тұрғыны 14 күнге оқшауланып, оларға өз пәтерлерінен шығуға тыйым салынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849772-almatyda-koronavirus-infekciasyny-osagy-37-ge-zetti/

pixel