Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Алматыдағы қоғамдық көлік жолаушыларын тексеруде

Опубликовано:

Оңтүстік астанада карантин тәртібін сақтау мақсатында полиция қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

Тәртіп сақшылары алматылықтардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсаттарын тексеріп жатыр. Полиция инспекторлары планшет арқылы азаматтардың КВИ-мен күресу жөніндегі Жедел штабтың бірыңғай тізілімінде бар-жоғын анықтауда деп жазды Polisia.kz.

"Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары қатысады, олар қаланың қоғамдық көліктерінде тексеріс жүргізеді. Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттіліксіз көшеде болуға қатысты шектеулер туралы ескерту жасаймыз.
Біз ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптарды түсіндіреміз. Жергілікті полиция қызметкерлері тек ЖШ тізіліміндегі мәліметтерге сүйенеді. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін өткізіледі", – деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Еске сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астанада коронавирус инфекциясының жаңа ошақтары пайда болғанын хабарлағанбыз. Қазіргі уақытта мегаполис аумағында инфекция анықталған аймақтар саны 37-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849776-policia-almatydagy-kogamdyk-klik-zolausylaryn-tekserude/

pixel