Выйти
RU

Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Олар COVID-19 індетінің таралуына қарсы күресте халықаралық іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президент АҚШ-тың Қазақстанға қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. АҚШ дипломатиясының басшысы Вашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ықпалдастықты арттыру ниетін нақтылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка арасындағы саяси диалогты одан әрі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында атқаратын бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өтініш білдірген жағдайда Қазақстанның оларға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесті