Выйти
RU

"Маугли әйел": Үш баласымен бірге күйеуінен зорлық көрген келіншектің оқиғасы елді шошытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығының психолог-маманы Салтанат Маусейітова күйеуінен зәбір көрген үш балалы әйелдің басындағы адам сенгісіз жағдаймен бөлісті. Көрші Қырғызстаннан қашып, Алматыға келген әйелді орталыққа полиция қызметкерлері әкеліп тастаған. Маманның айтуынша, бұл жағдай барша қызметкерлерді аяғынан тік тұрғызыпты. Үш балалы әйелдің басынан өткен оқиғаларды психолог KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Салтанат Маусейітова Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығында 2017 жылдан яғни орталық ашылғалы бері жұмыс істеп келеді. Айтуынша қырғызстандық келіншекке қатысты жағдай тәжірибесінде алғаш рет кездескен.

"Біздің орталыққа зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер көп келеді. Олардың арасында алыс-жақын шетелдіктер де бар. Зорлық көрсететін ер адамдардың көпшілігі әйелі мен бала-шағасының құжаттарын тартып алады. Ал құжаты жоқтар не әлеуметтік көмек ала алмай, не жәрдемақы алмай сенделіп жүреді.
Осыдан біраз уақыт бұрын қырғызстандық келіншекті алып келді бізге. Үш баласы бар. Шыны керек, олардың жағдайын сипаттаудың өзі ауыр. Әлгі әйел мүлде тіл түсінбейді, тек басын изейді, егер айтқанымызбен келіспесе, басын шайқайды. Балалары да сөз түсінбейді. Төртеуі бір-бірінен мүлде ажырамайды. Тіпті, қасық ұстап тамақ ішуді де, дәретханаға отыруды да білмейді. Екі ұл, бір қызы бар.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Өкініштісі сол, балалар мүлде мектепке бармаған, өз аттарын айта алмайды және санау дегенді түсінбейді. Біздің дамыған заманымызда осындай адамдардың әлі де бар екеніне сену қиын. Алайда, осыны көрген адам ретінде айтып отырмын", - дейді Салтанат Маратқызы.

Маманның сөзінше, қырғызстандық келіншек балаларымен бірге күйеуінен қашып келген. Алматыда қалай өмір сүргені белгісіз. Бір анығы – ол балаларымен бірге қыстауда күн кешіпті.

"Ол әйелді "маугли" деп атасам, ешкім жазғырмайтын шығар. Адамды дәл осылай қорлау, дәл осындай деңгейге жеткізу үшін қандай қатыгез болу керектігін білмеймін. Біз үш ай бойы оларға көмек көрсеттік. Қолға қасық ұстатудан бастап, дәретханаға қалай отыру керектігін де түсіндірдік. Балалар сөйлеп, санап үйрене бастады.
Орталық мамандары осы отбасыға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біршама уақыт өткен соң әйелдің күйеуінен зорлық көргені анық болды. Балалары жаймен сөзге келе бастаған соң, бастан кешкен оқиғалараның шет-жағасын түсіндіргендей болды. Әйелі мен үш баласын мұндай күйге түсірген ер адам туралы айтарға сөзіміз жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Әлемнің қазіргі жаңалықтарынан мүлде қалып қойған, тіпті, дәретханаға да төртеуі бірге баратын қорғансыз жандарды көргенде қынжыласың. Олар біздің қарауымызда алты ай болды. Заң бойынша біз алты айдан артық ұстай алмаймыз. Кейін туыстарын тауып, Қырғызстанға жібердік. Бір жарым ай көлемінде байланысып тұрғанбыз. Қазір хабар жоқ", - дейді орталықтың психолог маманы.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы күйеуі бетін тіліп тастаған ақтөбелік келіншектің жанайқайын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Маугли әйел": Үш баласымен бірге күйеуінен зорлық көрген келіншектің оқиғасы елді шошытты