Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда әйелін тірідей өртеп жіберген ер адам 15 жылға сотталды

Опубликовано:

Елордада жұбайын өртеп жіберген ер адамға қатысты үкім шықты. Сот Сапарбек Өмірбековті жұбайын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша қатаңдатылған мекемеде өтейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Оқиға өткен жылы 6-шы қазанда болған еді. 43 жастағы күйеуі жұбайын елорданың сырт жағына алдап апарып, біреумен ойнас құрды деп айыптап ұрып-соққан. Артынша бензин шашып өртеп жіберген.

Кейін марқұм келіншек жансақтау бөлімінде жатып көз жұмды.

Сот барасында жазаны жеңілдететін мән-жайлар да ескерілген. Яғни сотталушының кәмелетке толмаған 6 баласы болғандықтан, оған 15 жыл жаза тағайындалған.

Яғни, заң бойынша жаза бұл баптағы ең ұзақ мерзімнің үштен бірінен аспауы керек.

Бұдан бөлек, сот моральдық зиян ретінде ер адамға марқұмның өкіліне төрт миллион теңге төлеуді міндеттеді.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы күйеуі бетін тіліп тастаған ақтөбелік келіншектің жанайқайын жазған едік. Ол басындағы жағдайымен бөлісіп, "Немолчи" қорына жүгінген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849798-nr-sltanda-jelin-tiridej-rtep-zibergen-er-adam-15-zylga-sottaldy/

pixel