Выйти
RU

"Уайымдап кеттім": Алматылық тұрғын коронавирус жұқтырғанын қалай білгенін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

29 жастағы алматылық Владимир Мурзин 15 наурызда Стамбулдан Алматыға ұшып келген. Араға бірнеше салып, өзінің коронавирус жұқтырғанын білген. Қазір қажетті ем-дом шаралын қабылдап жатқан ер азамат денсаулығы жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Almaty арнасына сілтеме жасап.

Владимир Мурзин. Кадр Алматы арнасы

Владимир Мурзин. Кадр Алматы арнасы

Владимирдің сөзінше, ол бұған дейін ешқашан ауруханаға жатып көрмеген. Қазіргі уақытта оның ем қабылдап жатқанына 12 күн болды.

Айтуынша, бөлме күніне 3 мәрте тазаланады, тоңазытқыш, теледидар бәрі бар. Ауруханада пациенттер үшін барлық жағдай жасалған.

Алматылық тұрғын тест-сынамасын үшінші рет тапсырған кезде ғана одан вирус анықталыпты.

Дәрігерлер ер адамның қазіргі жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр.

"Стамбулдан келгенде бірден анализ тапсырдық. Нәтижесінде коронавирус белгілері болмады. Араға 8 күн салып тағы да қан тапсырдық. Дәрігерлердің айтуынша, екінші анализдің қорытындысы бойынша күдік белгілері байқалған. Абыржып, уайымдап кеттім.
Содан соң жұқпалы аурулар ауруханасына апарды. Ол жерде үшінші анализді өткіздік. Нәтижесі расталды. Біз үшін дәрігерлер күні-түні аянбай қызмет етіп жүр. Оларға алғысымды білдіргім келеді. Өз денсаулығыңызды сақтаңыздар!", – дейді  қала тұрғыны Владимир Мурзин.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ұлағат Арғын, Алматы арнасы

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 727 адамға жетті. Тағы 9 жағдай Қызылорда облысында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Уайымдап кеттім": Алматылық тұрғын коронавирус жұқтырғанын қалай білгенін айтты