Выйти
RU

Сербия президентінің ұлынан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сербия президенті Александр Вучичтің 22 жастағы ұлы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы сербиялық көсбасшы әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/avucic

Фото: Instagram/avucic

"Барлығы басталғанда ұлым Данила маған берілеу ойында жоқ екенін айтты. Менің тұңғыш балам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оны инфекциялық клиникаға жатқызды. Балам, сен бұны да жеңіп шығасың", - деп жазыд Александр Вучич Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сербияда COVID-19 инфекциясын 2 447 адам жұқтырып, оның 65-і көз жұмған. Әзірге елде вирусты жеңіп шыққандар тіркелмеген.

Ал, Қазақстанда коронавирус табылғандар саны 727 адамға жетті.

Оның 54-і сауығып шықса, жетеуі көз жұмды.

Өлім жағдайлары Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелді.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Британия премьер-министрі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлаған болатын.

Кейінірек оның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түсіп қалғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сербия президентінің ұлынан коронавирус анықталды