Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкенде құны 1,8 мың долларды құрайтын азы-түлікті жалап шыққан әйел адам ұсталды

Опубликовано:

Калифорния тұрғыны супермаркеттегі жалпы құны 1,8 мың долларды құрайтын тауарларды жалағаннан кейін қамауға алынды. COVID-19 пандемиясының аясында бұл өнімдерді енді сатуға болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ riafan.ru-ге сілтеме жасап.

Полиция дүкендегі азық-түлікті жалаған әйел адамды тұтқындады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Күдікті клиент сейсенбі күні Тахо көліндегі Safeway дүкенінде көзге түсті. Дүкен әкімшілігі полицияға хабарласып, әйелдің "азық-түлікті жалап жатқанын" хабарлаған. Құқық қорғау органдары сауда алаңында 53 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Полиция дүкенге жеткенше, келіншек бірнеше бөтелке алкогольді, пакеттегі етті, сондай-ақ қолына тағып алған зергерлік бұйымдарды жалап қойған. Дүкен әкімшілігіне коронавирустық пандемияға байланысты бүлінген барлық өнімдерді жоюға тура келеді деп хабарлайды Ридус.

Белгілі болғандай, әйел адам бұған дейін құрықталған. Алайда не үшін екені белгісіз. Енді ол сот отырысын түрмеде отырып, күтуге мәжбүр болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін танымал блогердің дәретхана отырғышын жалап, коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған едік.

АҚШ-тан шыққан Larz есімімен танылған блогер қоғамдық дәретхана отырғышын жалап жатқан сәтін видеоға түсіріп, желіге салған болатын. Алайда ол көп ұзамай өзінің вирус жұқтырғанын білген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849815-dkende-kny-18-my-dollardy-krajtyn-azy-tlikti-zalap-sykkan-jel-adam-staldy/

pixel