Выйти
RU

"Тірі шыққан ешкім жоқ": Коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істейтін медбике үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк қаласында тұратын медбике Александра Масиас қаладағы коронавирустық пандемия жайлы айтып берді. Оның сөзінше, ол жұмыс істейтін ауруханадан ешкім тірі шықпаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тірі шыққан ешкім жоқ: Коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істейтін медбике мәлімдеме жасады

Александра Масиас. Фото: facebook.com/maggie.macias.9

Александар Масиас соңғы бірнеше күнде интенсивті терапия бөлімінде жұмыс істеп жүр. Оның айтуынша, күнделікті жаңа қызметкерлер келгенімен мамандар тапшы.

Александра өз науқастарын соңына дейін қолдайды. Медбикенің сөзінше, интенсивті терапия бөлімінен ешкім тірі шықпаған.

"Мықты, физикалық тұрғыдан күшті адамдар. COVID-19 бір мезетте бес жерде жұмыс істегендерді де өлтірді. Бұл вирус адамдарды өлтіріп жатыр", - дейді медбике.

Ол инфекция жұқтырғандар мен жақындарынан айырылғандар үшін қатты алаңдайды. Сол себепті Александра адамдарға вирусты шынайы қабылдауға кеңес береді.

"Мен сіздерді бірнәрсе жасауға мәжбүрлей алмаймын. Алайда сіздерден бізге, медицина қызметкерлеріне құлақ асуларыңызды, мұның бәрін шынайы қабылдауларыңызды өтінемін", - деді ол.

Айта кетсек, АҚШ-та Нью-Йорк қаласы коронавирустық инфекцияның ошағына айналған. Соңғы деректерге сүйенсек, өткен тәулікте мұнда 779 адам вирустан көз жұмған. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны 6 268 адамға жеткен.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Джонс Хопкинс атындағы университет таратқан мәліметтерге сәйкес АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 425 мың адамға жуықтаған. Ал инфекциядан ел бойынша жалпы 14 мың адам көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тірі шыққан ешкім жоқ": Коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істейтін медбике үндеу жасады