RU

Комаровский оқшаулау кезінде неліктен саябаққа баруға болмайтынын түсіндірді

Дәрігер әрі тележүргізуші Евгений Комаровский YouTube арнасының көрермендеріне оқшаулану кезінде саябақтар мен ойын алаңдарында жүрудің неліктен қауіпті екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Комаровский оқшаулау кезінде неліктен саябаққа баруға болмайтынын айтты
Фото: fromua.news: UGC

Дәрігердің сөзінше, адамдар бірдей заттарды ұстай алатын жерлер қауіпті.

"Бір бала ойын алаңында анасымен бірге жүріп, әткеншекті ұстаса, сіз осы жерге келіп, ол ұстаған жерлерді ұстау арқылы коронавирус жұқтыра аласыз", - деп түсіндірді маман.

Комаровскийдің сөзінше, саябақта біреу отырған жерге отырып та, вирус жұқтыруыңыз әбден мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін украиналық дәрігер ғаламтор қолданушыларынан SARS-CoV-2 вирусына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берген еді.

Комаровский баршаны өзін және жақындарын қорғауға шақырып, ғылым бұл мәселені шешкенше күтуге кеңес берді. Оның сөзінше, вирусқа қарсы вакцина мен тиімді препараттар әзірлену үстінде.

Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде коронавирустық инфекция тағы 32 адамнан анықталды. Осылайша елімізде вирус жұқтырғандар саны 759-ға жетті.

Сондай-ақ 54 ада COVID-19 инфекциясынан жазылып шықса, тағы 7 адам корнавирустан көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849833-komarovskij-oksaulau-kezinde-nelikten-saabakka-baruga-bolmajtynyn-tsindirdi.html