Выйти
RU

Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзін-өзі оқшаулау өзіңде шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған таптырмас уақыт. Ұлыбританиялық жұбайлар Испанияда өткен демалыстарын сағынғаны сонша, олар тіпті, үйіндегі гаражды көңіл көтеруге болатын мейрамханаға айналдырған. Ерлі зайыптылардың "туындысы" жайлы KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап жазады.

Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды

Фото: bigpicture.ru

37 жастағы Эми мен 49 жастағы Марк Кейси оқшаулану кезінде гаражды испаниялық стильдегі мейрамханаға айналдырған. Бөлмені одан әрі жандандыру үшін олар Испанияға барған кезде сатып алынған сувенирлерді қолданған. Қазір отбасы сол мейрамханада уақыт өткізіп, күндерін ерекше өткізуде.

Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды

Фото: bigpicture.ru

Бұрын ерлі-зайыптылар гаражды шеберхана ретінде пайдаланған. Гаражды жайлы мейрамханаға айналдыру үшін Эми мен Марк тұрмыстық заттарды қолданған.

Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды

Фото: bigpicture.ru

Олар қазіргі таңда өздерінің тәулік бойы жұмыс істейтін дәмханаларының барына қуанышты. Ерлі-зайыптылардың достары олардан ерекше мейрамханада түстенуге рұқсат сұрайды, алайда иелері олардың сұранысын карантин аяқталғаннан кейін орындауға уәде беріп отыр.

Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды

Фото: bigpicture.ru

Эми мен Марк Испанияны жақсы көреді және демалыстарын сол жерде жиі өткізеді. Олар өздерінің мейрамханасын Casa Casey деп атады. Ерлі-зайыптылар әр апта сайын мекемені мексикалық, грек және француз стиліне ауыстыруды жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды

Фото: bigpicture.ru

Әзірге отбасылық мейрамханада жұбайлардан бөлек қыздары Кристин және оның сүйіктісі түстене алады.

Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды

Фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Балиде екі қабатты виллада тұратын блогерлердің карантинге шағымданып, елдің шамына тигені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылар жұртты таңғалдырды