Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ер азамат полицейді көлігімен сүйреп, бір адамның аяғын басып кетті

Опубликовано:

Шымкент қаласында ер адам учаскелік инспекторды көлігінің капотында сүйреген. Одан бөлек, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншінің аяғын көлігімен басып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Аталған жағдай 30 наурыз күні кешке Шымкент қаласында болған.

Сайттың мәліметінше, тұрғын үйдің ауласында алкогольдік мас күйінде болған ер адам аула сыпырушылардың жұмысына наразылық білдіріп, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Оқиға орнына келген учаскелік инспектор Ерхан Абдураимов ер адамннан құжаттарын көрсетуін талап етіп, әл-Фараби аудандық полиция басқармасының №25 пунктіне бірге баруын сұрайды.

Алайда, ол тәртіп сақшысының талаптарына бағынбай, көлікке отырып кетуге ұмтылған.

Оны тоқтату мақсатында полиция қызметкері көліктің капотына секіріп, 800 метрден соң түсіп қалған. Әрі қарай ер адам бірнеше метр жүріп, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншінің аяғын басып кеткен.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекетінің барысында көлік жүргізушісі анықталып ұсталған. Ол Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Ал жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында карантиндік режим кезінде тұрғын үй ауласында көңілді отырыс ұйымдастырған бір топ ер адамның ұсталғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849845-symkentte-mas-zrgizusi-policejdi-kligimen-sjrep-bir-adamny-aagyn-basyp-ketti/

pixel