Выйти
RU

"Махаббат бала сүйгісі келеді": Тәуекел Мүсілім не себепті балалы болуға асығар емес

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім балалы болуға асықпауының себебін түсіндірді. Сүйіктісімен заңды түрде некелесіп қойған актер ата-ана атануды тек тойдан кейін жоспарлауды жөн көрген. Ерлі-зайыптылар үйлену тойға дейін сәбилі болған жағдайда, халық бұл жайтты дұрыс қабылдамауы мүмкін деп сескенеді деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тәуекел мен Махаббат Мүсілім карантин уақытын қалай өткізіп жатқанымен отандық телеарнаның тікелей эфирінде бөлісті. Олар онлайн түрде сұхбат беріп, отбасылық өміріне қатысты бірқатар тың мәліметтерді айтып берді.

Белгілі болғандай, актердің сүйіктісі ана бақытын сезінгісі келіп жүр. Алайда, жас жұбайлар үйлену той болмайынша баланы жоспарламайтынын алға тартты. Олар ел дұрыс түсінбей қалады деп қорқатынын жасырмады.

"Махаббат бала сүйгісі келіп жатыр. Мен де күтіп жатырмын. Енді бір жағынан асықпайық деп жатырмыз. Өйткені, тойға дейін болып қоса, адамдардың ойы қате болуы мүмкін. Дұрыс түсінбей жатады" , - деді Тәуекел Мүсілім.

Оған қоса, Тәуекел мен Махаббат бүгінде актердің тәтесінің үйіне көшіп келгенін айтты. Олар карантин уақытын сол пәтерде өткізуде.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ерлі-зайыптылардың арнаға берегн сұхбатының үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Махаббат бала сүйгісі келеді": Тәуекел Мүсілім не себепті балалы болуға асығар емес