Выйти
RU

Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда полиция қызметкерінің COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Тәртіп сақшысы кезекшілік кезінде ауырып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

Қазіргі уақытта вирус жұқтырған орган қызметкері ем алуда. Жағдайы тұрақты.

Онымен 530 адам байланыста болған. Олардың арасында полиция қызметкерлері мен отбасы мүшелері де бар.

Оның ішінде 30-ға жуық адам стационарлық карантинге, 80 адам үй карантиніне алынған.

Олардың басым бөлігі бүгінгі таңда ауруханадан шығарылды. Қызметкерлер қызметін жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирустық инфекция тағы 32 адамнан анықталды. Осылайша елімізде вирус жұқтырғандар саны 759-ға жетті.

Коронавирус жұқтырған тағы 32 адам Ақмола облысында (13 адам), Алматы қаласында (1 адам), Қызылорда облысында (7 адам), Батыс Қазақстан облысында (2 адам), Атырау облысында (3 адам), Қарағанды облысында (2 адам) және Шымкент қаласында (4 адам) тіркелген.

Айта кетейік, әлем бойынша инфекцияның жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырды