Выйти
RU

Алматыда қар жауды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның оңтүстік астанасында қар жауды. Еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт суытып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алматының шуақты көктем кезеңі салқын күндермен алмасып, бүгін оңтүстік астанада қар жауды.

Gismeteo сайтындағы мәліметтерге сәйкес, бүгін мегаполистегі ауа температурасы 0-ден үш градусқа дейінгі аралықты көрсетуде. Порталдың мәліметінше, қар ұзақ жаумайды. Алайда, синоптиктердің айтуынша, күні бойы жаңбыр болмақ.

Сонымен қатар, түстен кейін күн күркірейді деп күтілуде.

Оған қоса, портал мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанда бүгін таңертен күн шуағын шашса, түстен кейін күн бұлтты болмақ. Алайда, ауа температурасы 4-6 градус жылуды көрсетіп тұр.

Айта кетейік, тоғызыншы сәуір күні мемлекетіміздің екі өңірінде дауылды алдын ала ескерту жарияланды.

ШҚО тұрғындарын тұман, боран және көктайғақ күтуде. СҚО-да да тұман мен секундына 15-20 метрге дейін жететін жел болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бірқатар өңірін қар басып қалған болатын. Сәуір айындағы табиғаттың тосын сыйының суреттерімен Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысының тұрғындары бөлісті.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда қар жауды (фото)