Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирустан емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан емделді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 9 сәуірде коронавирустық инфекциядан толық емделген қазақстандықтардың саны 55-ке жеткен.

Вирусты жеңген адамдардың көбі елдің бас қаласы - Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Елордалық ауруханалардан COVID-19 диагнозымен келіп түскен 30 адам жазылып шықса, Алматы қаласында 23 адамды құрап отыр.

Ал Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында COVID-19 инфекциясын жеңген бір-бір адам бар.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 759-ға жетті.

Коронавирус жұқтырған тағы 32 адам Ақмола облысында (13 адам), Алматы қаласында (1 адам), Қызылорда облысында (7 адам), Батыс Қазақстан облысында (2 адам), Атырау облысында (3 адам), Қарағанды облысында (2 адам) және Шымкент қаласында (4 адам) тіркелген.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асқан.

Дүние жүзі бойынша ең көп пациент Америка Құрама Штаттарында тіркелген.

Онда 425 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Бір ғана Нью-Йорк қаласының өзінде COVID-19-дан 4,5 аса науқас көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты