RU

Шымкентте сәуірде жауған қардан жүзден аса ағаш құлап, шағын аудандар жарықсыз қалды (фото)

Шымкентте сәуірде жауған қардан ағаштар құлап, бірнеше шағын аудан жарықсыз қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті: Twitter

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сегізінші сәуірде шаһарда жауған қардан жүзден аса ағаш құлап, 21 автокөлікке зақым келген. Жарақат алған немесе қайтыс болғандар жоқ.

Сондай-ақ, түнде қалада бірқатар шағын аудан жарықсыз қалған. Ал таңғы сағат 06:30-да төрт ауданда электр қуаты сөніп, шамамен 8000-ге жуық абонент электр энергиясынан ажыратылған.

"Шымкент қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 80-нен аса жеке құрамы және 20-ға жуық техникасы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарының авариялық қызметтері де жұмыс атқарды.
Қазіргі таңда қалалық энергетика қызметінің күшімен электр жүйесін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алғашқы 1500 абонентке электр қуаты берілді. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті: Getty Images

Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті: Instagram

Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті: Twitter

Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті: Twitter

Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті: Twitter

Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті
Фото: Шымкент қаласы ТЖ департаменті: Facebook

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қар жауып тұрғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849875-symkentte-suirde-zaugan-kardan-zzden-asa-agas-klap-sagyn-audandar-zaryksyz-kaldy-foto.html