Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 99 жастағы әжей коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Бүгін таңертең Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді. Олардың арасында қауіпті дертке шалдыққан 99 жастағы әйей бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Пациенттер туралы толық ақпаратты жедел штаб жариялады.

Коронавирус індетін жұқтырған 13 адамның барлығы да қарттар үйінің "тұрғындары" екені белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққандардың арасында 99 жастағы әйел адам бар.

Ауру табылғандардың барлығы 2 сәуірде қайтыс болған 73 жастағы ер адаммен жақын байланыста болған немесе науқаспен байланыста болуы мүмкін адамдар.

Осы ошақтағы 34 адамда қауіпті індет оң нәтиже көрсетті.

Қазіргі уақытта науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде.

Өңірде жалпы 56 науқас коронавирус жұқтырған.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 759-ға жетті.

Коронавирус жұқтырған тағы 32 адам Ақмола облысында (13 адам), Алматы қаласында (1 адам), Қызылорда облысында (7 адам), Батыс Қазақстан облысында (2 адам), Атырау облысында (3 адам), Қарағанды облысында (2 адам) және Шымкент қаласында (4 адам) тіркелген.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асқан.

Дүние жүзі бойынша ең көп пациент Америка Құрама Штаттарында тіркелген.

Онда 425 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Бір ғана Нью-Йорк қаласының өзінде COVID-19-дан 4,5 аса науқас көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849880-akmola-oblysynda-99-zastagy-zej-koronavirus-zktyrgan/

pixel