RU

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісінен коронавирус табылды

Нұр-Сұлтан қаласында жолаушы тасылмалдаумен айналысатын жүргізуші аса қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Қазіргі уақытта ер адам дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушіден коронавирус табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Такси жүргізуші жаңа вирусты жұқтырғаны туралы елорда әкімдігінде хабарлады. Бұл ақпарат мегаполис әкімшілігінің сайтында жарияланған.

Ведомство мәліметі бойынша, науқас тез арада ауруханаға жеткіліп, онымен жақын байланыста болғандар анықталды.

Нұр-Сұлтан әкімдігі мегаполис тұрғындарын тек ресми тасымалдаушылардың қызметтерін пайдалануға, ал шұғыл жағдай болмаса, үйден шықпауға кеңес берді.

Сонымен қатар, әкімдік карантин кезінде барлық қалалық такси парктері жолаушы тасымалдайтын көліктерді күн сайын зарарсыздандыруы қажет екендігін баса айтты. Егер тасымалдаушылар бұл талапты бұзса, оларға айыппұл салынатынын ескертті.

Одан өзге, тағы бір астаналық тұрғында инфекция анықталды. Онымен байланыста болғандар тізіміне 50 адам кірді, қазір барлығы мамандардың бақылауында.

Қазіргі уақытта елордада коронавирустық инфекцияның 223 жағдайы анықталып отыр.

Жалпы жұқтырғандардың 10-ы Ақмола облысынан көрінеді. Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болғандардың жалпы саны 930 адам, барлығы үйдегі карантинде отыр. Қауіпті дерттен айыққандар саны 30-ға жетті.

Еске сала кетсек, еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны 760-қа жуықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849890-nr-sltanda-taksi-zrgizusisinen-koronavirus-tabyldy.html