Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылда коронавирус жұқтырған дәрігер кабинетінен табылған 400 маска жайлы айтты

Опубликовано:

Жамбыл облысында СOVID-19 инфекциясына шалдыққан дәрігер жаңа мәлімдеме жасады. Бұған дейін медицина қызметкері өңірде ақ халаттылардың коронавирус жұқтырғанын барынша жасырып, тест тапшылығы салдарынан "байланыста болғандарды" қайта тексермейтінін жайып салған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Толқынай Ордабаева. Фото: Facebook/ Көрнекі фото: Paul Yeung/Bloomberg via Getty Images
Толқынай Ордабаева. Фото: Facebook/ Көрнекі фото: Paul Yeung/Bloomberg via Getty Images: UGC

Қауіпті дертті жұқтырып алған тараздық дәрігер Толқынай Ордабаева Facebook парақшасында өзіне қатысты істе жаңа жайттар орын алғанын хабарлады. Бойжеткен өзінің кабинетінен 400 медициналық маска анықталғанын мәлімдеді. Алайда, оның сөзінше, бұған дейін кабинетте бетперделер болмаған. Медицина қызметкері сондай көлемдегі масканың қайдан шыққанын білмейтінін жеткізді

Дәрігер жағдайдың осылай өрбуі оның өзіне кері әсерін тигізіп, өзге медициналық мекемелердің қызметкерлерін қорқыту бастау алуы мүмкін деп алаңдайды. Оқиғаға қатысты мән-жайды анықтау үшін біз өңірлік денсаулық сақтау басқармасына жүгіндік.

"Қазіргі таңда тексеріс пен тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу аяқталған соң, біз нәтижелерді жариялайтын боламыз. Әзірге ештенеге қатысты пікір білдіре алмаймыз" , - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік,бұған дейін Жамбылда коронавирус жұқтырған дәрігер бар былықты әшкерелеген болатын. Ол өзіне қысым көрсетілгенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849907-koronavirus-zktyrgan-tarazdyk-driger-kabinetinen-tabylgan-400-maska-zajly-ajtty/

pixel