Выйти
RU

Қазақстанда масканың әр данасын 118 теңгеден қымбат сатуға тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда медициналық маскаларға шекті баға бекітілді. Енді бұл медицина бұйымын 118 теңгеден қымбат сатуға тыйым салынады. Аталған қаулыны Қазақстанның бірнеше министрлігі қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы медициналық масканың шекті бағасы туралы қаулыны Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, сондай-ақ, Сауда және интеграция министрілігі қабылдады. Шекті баға-118 теңге.

Ресми құжат БАҚ беттерінде жария болды. Айта кетейік, елімізде тауарды шекті бағадан қымбат сататындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әлеуметтік маңызды тауарларға, оның ішінде нан, жұмыртқа, май мен күріш, тұз және тағы басқа өнімдерге де шекті баға бекітілген. Егер кәсіпкер аталған өнімдерді қымбат сататын болса, оған 530 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Осыған дейін Алматыда маскалар 87 және 111 теңгеден сатылатыны хабарланған еді. Мұндай бағамен сауда-саттық қаладағы бірқатар дәріханада жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында СOVID-19 инфекциясына шалдыққан дәрігер жаңа мәлімдеме жасады.

Бұған дейін медицина қызметкері өңірде ақ халаттылардың коронавирус жұқтырғанын барынша жасырып, тест тапшылығы салдарынан науқастармен байланыста болғандарды қайта тексермейтінін жайып салған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда масканың әр данасын 118 теңгеден қымбат сатуға тыйым салынды