Выйти
RU

Ақтөбеде ТЖ кезінде автобус ішіне сыймай жатқан халық видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты ақтөбе жұртының арыз-шағымдары күннен-күнге көбеюде. Карантиндік жағдайға кезінде салон іші дамдарға лық толы автобустар коронавирустың таралуын арттыруы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде автобус ішінде сығылысқан халық видеоға түсіп қалған

Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желідегі видеода "ЖАКК" ЖШС-не қарасты 52-ші маршруттық автобусы салоны ішіне адамды шамадан тыс толтырып алған.

Келіп жеткен автобусқа отырмақ болған жолаушылар автокөліктің есігін сындырмақ болған.

Автобусқа сыймайтынын сезген қалғандары оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Желіде тағы бір видео пайда болды. Бұл жолы 15 маршрут. Тасымалдаушы компания – "Автопарк" ЖШС.

Полиция қызметкерлері автобустағы тұрып тұрған адамның бәрін, далаға шығарып тастады. Облықтың бас санитарының қаулысына сәйкес автобуста, қоғамдық орындарда адам арасындағы қашықтық мейлінше алшақ болғаны жөн.

Бұл жағдайға ашынған бірнеше жолаушы ұрысып қоя берді.

"Біз белгіленген уақытқа қарай жұмыс істеп жатырмыз: таңғы 7-ден 9-ға дейін, 12.00-ден 14.00-ге дейін, 17.00-ден 21.00-ге дейін. Әсіресе таңертең адам саны өте көп болады, барлығы жұмысқа асығады. Маршруттардың жұмыс уақыты соңына жетсе, оларға қалай тыйым саласың?",– дейді "Автопарк" ЖШС жүргізушісі Нұрлыбек Қасенов.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Тасылмалдаушылардың бұл жайтқа байланысты көзқарасы бөлек. Олар бекітілген құжаттың барлық талабын қалай орындайтынын білмей дал болып отыр.

"Біз автобустарды отыратын орын санына қарай қамтамасыз етуіміз керек. Егер біз мұндай жағдайда банкрот болсақ, оны қалай жасаймыз? Әкімдік субсидия беріп, өтемақы төлеп көмектесіп жатқан жоқ.
Жолаушылар ағыны мен кіріс көрсеткіші төмендегендіктен желідегі автобустар санын қысқартуға мәжбүр болдық. Қазір біз тек солярка үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Егер автобус санын арттырсақ, шығындардың орнын толтыра алмаймыз. Бұл ережені бекітерге дейін неге бәрінің басын қосып, бізбен ақылдаспады? Жай ғана бұйрық берді, әрі қарай не істесең де, өзің біл",– "Автопарк" ЖШС өкілі Руслан Жылқаманов.

Одан өзге, полиция дерегі бойынша, 8 автобус жүргізушісіне карантин тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынған.

Еске салсақ, Ақтөбеде төтенше жағдай кезінде сауық кешін жасаған жігітті көршілері "ұстап" берген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде ТЖ кезінде автобус ішіне сыймай жатқан халық видеоға түсіп қалды