Выйти
RU

Алматыда тағы үш адам коронавирусты жеңіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында қауіпті дерттен айыққандар саны өсті. Соңғы ақпаратқа сәйкес, тағы 3 адам емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирустан 3 адам жазылды

Фото: pixabay.com

Оңтүстік астанада жаңа вирусты тағы 3 адам жеңіп шыққан. Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 764.

Жаңартылған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматыда 26 адам індеттен айығып, жазылып шыққан. Ел деңгейіндегі көрсеткіш 58 адамға тең.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан емделіп шыққанын жазған болатынбыз.

Сонымен елордалық ауруханалардан COVID-19 диагнозымен келіп түскен 30 адам жазылып шыққан.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы елордада коронавируспен ауыратындардың жасына қатысты статистиканы хабарлады. Вирус жұқтырғандар арасында жеті бала мен 70 жастан асқан үш адам бар.

Айта кетейік, маман Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі әйел адамдар екенін айтты. Оның айтуынша, індетті жұқтырғандардың 46 пайызы – ерлер, 54 пайызы – әйел адамдар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тағы үш адам коронавирусты жеңіп шықты