Выйти
RU

Елімізде коронавирустан жазылып шыққандар саны алпысқа жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны артып келеді. Соңғы ақпараттарға сәйкес, республика аумағында қатерлі індеттен айыққандар саны 60- қа жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәлімет бойынша Жамбыл және Павлодар облысында аурухана палатасын екі адам босатты. Осылайша, елімізде коронавирустан жазылғандар саны 60-қа жетті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда 30 адам, оңтүстік астанада 26 пациент аурудан айықса, СҚО мен Ақтөбе, Павлодар және Жамбыл облысында бір науқастан жазылып шықты.

Айта кетейік, мемлекет қабылдаған шараларды ұстану, әсіресе өз-өзін оқшалау мен карантин режимін сақтау Алматыдағы коронавирус жұқтыру деңгейін азайтуға әсер етті. Бір тәулікте оңтүстік астанада екі жаңа жағдай тіркелді.

Қазіргі уақытта қалада коронавирус жұқтырудың 121 дерегі расталған, олардың 99-ы ем қабылдап жатыр. Жаңа тіркелген қос науқас- осыған дейін COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған. Айзат Молдағасымованың айтуынша, бүгінде стационарларда карантинде 877 азамат, үй карантинінде 5217 адам, инфекциялық стационарларда 211, провизорлық стационарларда 301 адам жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирустан жазылып шыққандар саны алпысқа жетті