RU

Қытайлық дәрігерлер Қазақстанға келіп жетті (фото)

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданынан құрамында 10 адам бар қытайлық дәрігерлер мінген арнайы борт Нұр-Сұлтанға келіп қонды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі: UGC

Ақ халаттылардың қатарында пульмонология, эпидемиология саласының жетекші мамандары, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. Олар елде 15 күн болып, Нұр-Сұлтаннан бөлек Алматы және Қарағанды қалаларына барады деп күтілуде.

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі: UGC

Сонымен қатар коронавирус жұқтырған пациенттерді диагностикалау, емдеу және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін талқыламақ.

Фото: Сыртқы істер министрлігі
ҚыФото: Сыртқы істер министрлігі: UGC

Елге келген қытайлық дәрігерлер бұған дейін Шыңжанда коронавируспен күрескен. Яғни олардың бұл істе үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ақ халаттылардан сынама алынған. Олардың қортындысы бірнеше сағаттың ішінде дайын болмақ.

Айта кетейік, дәрігерлердің ұшағымен қатар ішінде бетперде, тепловизолар, қолғаб және дәстүрлі қытайлық дәрілер бар гуманитарлық жүк (5,5 тонна) тиелген екінші бортта қонған.

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі: UGC

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай COVID-19 инфекциясымен күреске көмектесу үшін Қазақстанға медицина қызметкерлерін жіберейін деп жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849972-kytajlyk-drigerler-kazakstanga-kelip-zetti-foto.html