Выйти
RU

Жамбылда коронавирус індеті анықталған үш қырғыз азаматы өз елдеріне жіберілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі анықталған үш қырғызстандық азамат өз елдеріне қайтарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбылда коронавирус індеті анықталған үш қырғыз азаматы өз елдеріне жіберілді

Көрнекі фото: NUR.KZ

«Жамбыл облысында бұған дейін коронавирус індеті анықталған 1958, 1975, 1984 жылдары туған қырғызстандық үш азамат өз еліне жіберілді.

Үшеуі де жүк тасымалымен айналысқан. Мемлекеттік шекара маңындағы тексеріс барысында олардың індет жұқтырғаны анықталды.

Арнайы көліктермен олар шекарадағы өткізу пунктіне жеткізіліп, ары қарай Қырғыз Республикасының медициналық қызметтері алып кетті», - делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жұқпалы аурулар стационарында барлығы 41 науқас жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетерлігі, облыс бойынша дәрілік заттар, медициналық жабдықтар, дезинфекциялық және жеке қорғану құралдары, ПТР мен тест-жүйелерін сатып алуға жалпы 860 млн теңге бөлінген.

Оның 536 млн теңгесі Үкіметтің резервтік қорынан, 43 млн теңгесі денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қорынан, 281 млн теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.

Естеріңізге сала кетсек, 9 сәуір күні Павлодар облысында коронавирустан бір науқас көз жұмғаны туралы жазған едік. Ол 1936 жылы дүниеге келген. Осылайша елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны сегіз адамға жетті.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда барлығы 781 жағдай тіркеліп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбылда коронавирус індеті анықталған үш қырғыз азаматы өз елдеріне жіберілді