Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір реттік 50 мың теңге беріле бастады: Жәрдемақы кімдерге төленбек

Опубликовано:

Елімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға "Біргеміз" қорынан 50 мың теңге бір реттік төлем беріле бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Телеарна мәліметінше, осыған дейін қорға жиналған 7 жарым миллиард теңгеден асатын соманы "Біз біргеміз" науқанының аясында 50 мың отбасына үлестірген.

Шара алдағы уақытта жалғасын тауып, бірінші кезеңде 150 мың отбасына жәрдемақы үлестірілу көзделіп отырғаны белгілі болды. 

Бұл жөнінде "Біргеміз" қорының төрағасы Руслан Сакеев пікір білдірді.

"Егер қазір 7 миллиард 600 миллионды тарататын болсақ, қазігі уақытта біздің қорымызға 10 миллиардтай ақша келіп түсті. Ол 10 миллиардты біз бірінші толқынды бітіргеннен кейін, екінші толқынға тағы да кеңеске шығарамыз. Ол жерде қалалардың немесе халықтың тізімі қайтадан нақтыланып, қайтадан кеңеспен бекітіледі", - деп түсіндірді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.

42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, толтыруы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850021-elimizde-bir-rettik-50-my-tege-berile-bastady-zrdemaky-kimderge-tlenbek/

pixel