Выйти
RU

"Саясат та, Алланың қаһары да емес": Көріпкел коронавирус жайлы бар шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінгі күні коронавирус пандемиясы бүкіл әлемге тарап, адам өмірін жалмап жатыр. Кенеттен пайда болған қауіпті инфекция жайлы халық арасында түрлі әңгімелер таралып та кеткен. Бірі COVID-19 вирусын қолдан жасалып отырған індет деп білсе, енді бірі оның "Алланың қаһары" деп қабылдауда. Кейбіреулер коронавирусты біреуге тиімді әрі алдын ала ойластырылған саяис жоспар деп есептейді. Ел көкейінде жүрген сұраққа көріпкел Камрян Самедов жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Anthony Kwan / Getty Images

Фото: Anthony Kwan / Getty Images

Камрян Самедов аты жаман вирустың шын мәнінде нені білдіруі мүмкін екенін ашып айтты.

"Біріншіден, бұл экологияның ауруы. Шын мәнінде COVID-19 жануарлардан пайда болған. Бірінші рет ол жарғанаттардан шықты. Эпидемия Қытайдан бастау алғанын бәріміз білеміз.

Ал енді Алланың қаһары дегеніне қатысты айтатын болсам: Бәріміз құдайдың құлдарымыз. Алайда, ол өз құлдарына ешқашан мұндай жаза бермейді.

Себебі, коронавируспен күнәсіз кішкентай балалар, егде жастағы адамдар мен мүлдем күнә жасамаған жұрт та ауырып жатыр. Алла Тағала мұндай жауыздық жасамайды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Біздің күнәларымыз өте көп болуы мүмкін. Бірақ, Алланың мейрімі одан да зор. Бұл індетті Алла жазасы деуге болмайды. Бұл ауруды Алла беріп тұрған бір белгі ретінде қарастыруға болады. Жазда коронавирус азая түседі. Мүлдем болмайды десем болады." , - деді Самедов.

Айта кетейік, бұған дейін Камрян Самедов жазға дейін коронавирустан өте көп адам көз жұматынын болжаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Саясат та, Алланың қаһары да емес": Көріпкел коронавирус жайлы бар шындықты айтты