Выйти
RU

Харламов "Comedy club" жобасында жалғыз қазақ үшін өнер көрсеткенін айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік шоумен Гарик Харламов өз мансабындағы ерекше қойылымды атады. Әзілкештің сөзінше, ол Comedy Club жобасындағы әріптесерімін бірге залдағы жалғыз қазақ үшін өнер көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гарик Харламов. Фото: instagram.com/asmuskristina

Гарик Харламов. Фото: instagram.com/asmuskristina

Харламов ерекше қойылымы жайлы ресейлік журналист Тина Канделакиге айтып берді. Бейнероли тележүргізушінің YouTube желісінде пайда болды.

Әртістің сөзінше, бірде клуб резиденттері ерекше тапсырыс қабылдап, бір ғана көрермен алдында өнер көрсеткен. Ал тапсырыс беруші қазақ болған.

Осылайша, Харламов әріптестерімен бірге сахнасы жоқ үйде қойылым қояды. Бірақ бірде-бір әзіл тыныш тамашалап отырған көрерменнің эмоциясын өзгертпейді. Ақырында тек бір ғана нөмір азаматтың көңілін көтереді.

"Бізде ерекше әзілі бар әзілкеш болды. Қазір толығымен құрастыра алмай отырмын. Шамамен "Грузияда есірткіге тыйым салынды. Жетер, жетер, одан да ішейік" дегендей әзіл болған. Барлығымызға ол әзіл бір түрлі көрінетін. Бірақ өзінің үздік әзілі сол еді",- дейді Харламов.

Әртістің әріптесі өзінің ерекше үздік әзілін айтқанда тапсырыс беруші қызық мінез танытқан. Ал кейіннен мүлде күтпеген жағдай орын алған.

"Бір кезде әзілкеш шығып, "Жетер, жетер, одан да ішейік" деп айғайлады. Сол кезде көрерменнің көңіл-күйі құбылып кетті. Тіпті , түсіндіре алмаймын. Ол көзіне жас алып, еденде жатты. Кейіннен екеуі сөйлесті. Артынша көрерменге 10 мың доллар алып келді. Ол ақшаны әзілкешке ұсынып, "тағы да қайтала" деді",- деп еске алды шоумен.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Гарик өзі өнер көрсеткен сәтте көрермен тағы да күлкісіз отырғанын айтады. Сонда ол және әріптесі Тимур Батрудинов әріптесінің әзілін қайталап, 10 мың доллар алғысы келген екен. Бірақ бұл әркеттері жүзеге аспапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Харламов "Comedy club" жобасында жалғыз қазақ үшін өнер көрсеткенін айтты (видео)
Mailfire view pixel