Выйти
RU

Алматыда коронавирустан көз жұмған адам туралы мәлімет белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада коронавирус инфекциясынан көз жұмған науқасқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Алматыда COVID-19 салдарынан болған алғашқы адам өлімі туралы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тлеухан Әбілдаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус жұқтырған азаматша күні кеше сағат 22:50 шамасында қайтыс болған. Ол аса ауыр жағдайда болып, жасанды тыныс алу аппаратына қосулған.

"Пациент байланыста болғандар қатарынан, оның оң талдауы 16 наурызда анықталды. Қосымша ауруларымен, атап айтқанда өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардиясымен, артериялық гипертензиясымен байланысты, ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды.
Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің – тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессивті нашарлады" , - деді Әбілдаев.

Оның айтуынша, 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да әйел адамның қан айналымы тоқтаған. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23:50-де биологиялық өлім анықталды.

"Негізгі диагнозы - COVID-19 коронавирустық инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы" , - деді басқарма басшысы.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Әбәлдаевтың сөзінше, келіншек дәрігерлер көмегіне 13 наурыз күні жүгінген. 16-сы одан коронавирус анықталды. Оған қоса, әйел адамның көптеген антибиотиктерге аллергиясы болған.

Азаматшамен байланыста болғандардың басым көпшілігі жазылып шығуына байланысты, үйлеріне қайтарылған.

Сонымен қатар, Әбілдаев марқұмның қалай жерленетінін де мәлім етті.

"Дезинфекция мен дәрет алу рәсімі жасалады. СЭС жерлеуді бақылауда ұстайтын болады. Қала сыртында жерлеуге арналған жер телімі бар" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирустан бір науқастың қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирустан көз жұмған адам туралы мәлімет белгілі болды
Mailfire view pixel