Выйти
RU

802 жағдай: Коронавирус жұқтырған тағы 21 адам жайлы дерек пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 21 дерегі расталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 802-ге жетті. COVID-19 инфекциясынан 7 қайғылы жағдай тіркелді, қатерлі дертті 60 адам жеңіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото

10 сәуір таңғы 09:00- дегі ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 2 адам, Маңғыстау облысында 2 адам, Қызылорда облысында 4 адам, Атырау облысында 3 адам, Шымкент қаласында 4, Ақмола облысында 1, Қарағанды облысында 4, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам тіркелді. Ал 9 сәуір күні кешкі 22:55 -те ел бойынша 17 дерек тіркелді.

Шымкент қаласы, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды облыстарында барлық науқас карантиндік стационарда жатқан болатын. Олар алдын коронавирусты жұқтырған науқаспен байланысқан.

Қызылорда облысындағы науқастар 1967 - 2010 жылдар аралығында дүниеге келген. Барлық науқастар карантиндік стационарда жатқан болатын. Олар алдын коронавирусты жұқтырған науқаспен байланысқан.

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы табылған екі азамат та жүк тасымалымен айналысатын 25 және 27 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы "Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың бірінде дене қызуының көтерілуі анықталды. Аталған азаматтар іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Кеше, 9 сәуір күні Павлодар облысында 2 жағдай тіркелді, оның біреуі көз жұмды. Қайтыс болған науқас Павлодар қаласының 1936 жылғы тұрғыны. Ол 8 сәуірде "ауыр дәрежедегі ауруханадан тыс полисегментті пневмония, СОӨА" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Келесі күні КВИ-ға ер адамды талдау оң нәтиже берді. 2016 жылдан бастап ер адам "бронх демікпесі", "өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" (СОӨА), "жүректің ишемиялық ауруы", "үшінші дәрежелі артериялық гипертензия" және "дене терісінің қатерлі ісігі" диагноздарымен есепте тұрды.

Байланыста болған 118 адам анықталды, оның 50-i аурухана, 65-i үй карантиніне жатқызылды. Сондай-ақ, ол 21 наурыздан бастап Қарағанды, Шымкент, Таразға барған. Байланыста болған 158 тұлғаның 6 - стационарда, 114 - үй карантинінде, қалғандары басқа облыстардан.

Екінші науқас - 1981 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны. Ол 8 сәуірде жұқпалы ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы қазіргі уақытта қанағаттанарлық. Барлық байланыста болған адамдар стационарлық карантинге орналастырылады және оқшауланады.

Ауру жұқтырғандардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелді. Оның ішінде екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам. Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
802 жағдай: Коронавирус жұқтырған тағы 21 адам жайлы дерек пайда болды