Выйти
RU

Алматыда жолаушыларға 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы полицейлері қоғамдық көлік жолаушыларын жаппай тексеруге кірісті. Олар автобустағы адамдардың карантин кезінде қалада жүруге рұқсаты бар-жоғын анықтауда. Олардың арасында шектеуді елемей карантин ережелеріне көз жұма қарағандар табылып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыда жолаушыларға 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Арнайы рұқсаты жоқ адамдар қоғамдық көлікпен қала аралап, түрлі сылтау айтып бағыпты.

Бірі азық-түлікке бара жатқанын айтса, енді бірі жақын туысының үйіне жол тартқанын айтып, түсіндірген. Карантинді елемеген кей азаматтар маска да кимеген.

Десе де полицейлер әзірге оларды жазалап жатқан жоқ. Тек түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Алдағы уақытта мұндай жолаушыларға 10 АЕК, яғни, 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертілді.

Жалпы мегаполисте карантин басталғалы бері тәртіпке бағынбаған мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 21 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 802-ге жетті.

Ал Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Осылайша, тіркелген қайғылы жағдайлар саны 9-ға жетті.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жолаушыларға 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін