Выйти
RU

Мандариннің ішінен дәрі шықты: Мамандар бұл жайында не дейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік желіде мандарин жайлы видео кең тарала бастады. Қазақстанның солтүстігіндегі ауылдардың біріндегі тұрғын жемістің ішінен пішіні дәріге ұқсас күмәнді зат тапқан, кейін оны дүйім жұртқа көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Мандариннің ішінен дәрі табылды

Фото: видеодан кадр

Желіде тараған видеода әйел адам мандариннің қабығын аршып жатып, таңғалады.

Ол өз эмоциясын жасыра алмай, мұндай жемісті жеудің соңы жақсылыққа апармайтынын айтып ашынды.

Қазақстандық азаматша бұл жайлы дәрігерлер мен полицияға хабарлағаннан кейін заңның қауіпсіздік талаптарына сай емес тауарларды шығару және сату туралы бабы бойынша қылмыстық ісінің тергеу амалдары басталып кетті.

Мамандар жемістерді жіті зерттеді. Аймақтық полицияның ақпаратына сәйкес, мамандар мандариннің ішінде ацетилсалицил қышқылы болғанын анықтады.

Дәрілік зат адам өміріне еш қауіп келтірмейтіндіктен қылмыстық іс жабылған. Алайда оны мандариннің ішіне не себепті салып қойғанын тәртіп сақшылары анықтай алмады.

Интернет желісінде адамдар қызық үшін жеміс ішіне әдейі дәрі салып жатқан видеолар өте көп.

"Жеміс ішінен дәрі табылды" дегенге сенбейтіндер де бар. Олардың ойында дәрі шырынды жемістің ішінде ұзақ сақталмайды, себебі езіліп, еріп кетуі керек.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін Көксу ауданында орналасқан ауыл мектебінің мұғалімі Қазақстанды кедей меллекет деп атағаны үшін кешірім сұрағанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мандариннің ішінен дәрі шықты: Мамандар бұл жайында не дейді