Выйти
RU

"Бұл қалжың емес": Ақтаулық рэпер Мәскеуде коронавирус жұқтырып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік хип-хоп және рэп орындаушы Gunwest (шын аты-жөні Руслан Гоминов) Мәскеуде коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Лада" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото © Кристина Илюхина © Artifex.ru

Фото © Кристина Илюхина © Artifex.ru

Руслан Гоминовтың сөзінше, ол өзін жайсыз сезініп, бірден медициналық көмекке жүгінген. Коронавирусқа тест тапсырған рэперде COVID-19 диагнозы расталған. Бұл туралы орындаушы өз Instagram парақшасында жазған.

"Мен коронавирус жұқтырып алдым. Аура белгісі мүлде байқалмады, не болып жатқанын аса қатты түсінбедім. Өзімді жайсыз сезіндім, дем алуым қиындай бастады. Нәтиже расталды. Бұл қалжың емес, коронавирус расымен бар. Жақындарыңыз мен туыстарыңызды ойлаңыздар. Сіз инфекция таратушы болып, жақындарыңызға жұқтыруыңыз мүмкін. Қыдыруды тоқтатып, үйде отырыңыздар.Өздеріңізді сақтаңыздар. Мен сіздердің ауырмауларыңызды тілеймін, бұл қалжың емес",- деді Gunwest.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 21 дерегі расталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 802-ге жетті. COVID-19 инфекциясынан 7 қайғылы жағдай тіркелді, қатерлі дертті 60 адам жеңіп шықты.

10 сәуір таңғы 09:00- дегі ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 2 адам, Маңғыстау облысында 2 адам, Қызылорда облысында 4 адам, Атырау облысында 3 адам, Шымкент қаласында 4, Ақмола облысында 1, Қарағанды облысында 4, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бұл қалжың емес": Ақтаулық рэпер Мәскеуде коронавирус жұқтырып алды