Выйти
RU

Өңірлерде әскери арнаулы жиындарға шақыру қашан басталады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осы орайда Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев аймақтарда отан алдындағы борышын өтеуге міндеттілерді жиынға шақыру қашан басталатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Әскери арнаулы жиындарға шақыру қашан басталады

Фото: NUR.KZ

"Әскери міндеттілерді шақыру Ақтөбе және Атырау облыстарында жалғасып жатыр. 13 сәуірде Шымкент және Қарағанды облысында, 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 15 сәуірде Жамбыл облысында, 17 сәуірде Түркістан облысында басталады", – дейді Серік Боранбаев.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында арнаулы жиын өткізу мәселесі қаралып жатыр.

Одан бөлек, Боранбаев арнаулы жиын өткізу жайлы шешімді жергілікті атқарушы орган басшылары өздері қабылдайтынын атап өтті.

Бас штаб бастығының орынбасары президенттің жарлығына қарамастан, өңірлердің барлығы бірдей әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыруды жоспарлап отырмағанын да айта кетті.

Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Қызылорда, Павлодар жән Ақмола облыстарында арнаулы жиындар бөлімшелері құрылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әскери арнаулы жиынға кімдер шақырылмайтынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өңірлерде әскери арнаулы жиындарға шақыру қашан басталады