Выйти
RU

"Адам болыңыздар": Карантинде жұмыс істеген ЦОН қызметкері жанайқайын жеткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

KAZ.NUR.KZ редакциясына Алматы Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінен хат келіп түсті. Алма есімді бойжеткен барлық ХҚКО қызметкерлерінің атынан пандемия кезіндегі қиын күндер туралы айтып берді.

"Адам болыңыздар": ХҚКО қызметкері адамдардың оларға ашуланбауын сұрады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

ХҚКО қызметкері карантин жарияланған кезде адамдардың әлі жұмыс істеп тұрған орталыққа келіп, құжаттарын рәсімдеуге кіріскенін сөз етті.

Айтуынша, адамдар оларға дауыс көтеріп, тіпті, бопсалаған.

"Біз үшін бұл өте қиын, біз аз жалақы үшін істейміз, шыдай алатын күшіміз жоқ. Бірақ жұмыссыз қалудан қорқатындықтан шыдауға мәжбүрміз. Карантин жарияланған кезде ХҚКО бірнеше күн жұмыс істеді.

Үйде отырудың орнына адамдар жоспарланбаған демалыс алғаны үшін барлық құжаттарды реттеп алуды шешіп, бізге келді.

Мен тіркеу жасаған уақыттан бері мұндай кезекті көрген емеспін, содан кейін алғашқы күндері ешкім қашықтықты сақтамады, барлығы ызаланып, кеңесшілерге дауыс көтерді.

Адамдар өздері үшін де, біз үшін де алаңдамады. Елордадағы ХҚКО-да бір адам кезекті бұзып: "Мен Италиядан оралдым, мені жіберіңіз, әйтпесе бәріне жұқтырамын!" деді", - деді ол.

Алманың барша қазақстандықтардан қандай жағдай болмасын адами қасиеттерді сақтап, қызметкерлерге ашулабауын сұрады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Біліңіздер, бізге бұл үшін миллиондар емес, айына 90 мың теңге төлейді. Мен барша қазақстандықтарға айтып тұрмын! Адам болып қалыңыздар! Бізге ашуланбаңыз. Барлығымыздың жағдайымыз бір.

Мектептер мен балабақшалар жабық болғандықтан біз сіздерге кеңес беріп жатқан кезде артымызда балаларымыз шулап жатады. Елде карантин енгізілгендіктен біз де бір айға жуық далаға шықпадық.

Біз де шаршадық. Мұның бәрі қашан аяқталатынын білмейміз. Тек біздің Қазақстан бойынша таңда тұрып, "Қайырлы күн, Халыққа Қызмет көрсету орталығының Call-орталығы. Сізге қандай көмек көрсете аламыз" дейтінімізді ұмытпаңыздаршы. Себебі біз расымен де көмектескіміз келеді", - деп жазды Алма.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғаны туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Адам болыңыздар": Карантинде жұмыс істеген ЦОН қызметкері жанайқайын жеткізді