Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған қызылордалық келіншек дені сау баланы дүниеге әкелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордада коронавирус жұқтырған әйел адам дені сау нәрестені дүниеге әкелді. Жаңа туған сәбиден COVID-19 инфекциясы анықталмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус жұқтырған қызылордалық келіншек дүниеге сау бала әкелді

Фото: ДСМ, Көрнекі фото: pixabay.com

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәресте анасынан вирус жұқтырмаған. Оның тест нәтижелері теріс болып шыққан.

Айта кетейік, дәрігерлер коронавиурс жұқтырған Қызылорда тұрғынын 9 сәуір күні босандырып алды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі перинаталдық орталыққа түскеннен кейін келіншектен SARS белгілері мен 38 градустан жоғары дене қызуының байқалғанын хабарлаған.

Сол себепті ол COVID-19 инфекциясына тексерілген. Көп ұзамай әйел адамның вирус тасымалдаушы екені анықталды. Десе де бұған қарамастан босану жеңіл өткен.

Жаңа туған сәбидің салмағы 2,9 келі болса, бойы 51 сантиметр. Нәрестеден де барлық сараптамалар алынған. Қазіргі уақытта оның анасы оқшауланған.

Сәби кювезге жатқызылған. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 802-ге жетті.

Ал Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 104 адам тіркелді. Бұл өңір елдегі вирус жұқтырған қалалардың үштігіне кіреді.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы алдыңғы орында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған қызылордалық келіншек дені сау баланы дүниеге әкелді