Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған жамбылдық дәрігердің әріптесі де мекемедегі былықты әшкереледі

Опубликовано:

Коронавирус жұқтырған Меркі аудандық ауруханасының дәрігері Толқынай Ордабаеваның әріптесі Қаламқас Төреқұл медициналық мекемедегі кейбір жайттарды айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/merkelife және pixabay.com
Фото: Instagram/merkelife және pixabay.com: Instagram

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус жұқтырып алған жамбылдық инфекционист Толқынай Ордабаева бұған дейін әлеуметтік желіде өзі қызмет ететін ауруханада медицина қызметкерлерін маска тігуге мәжбүрлегенін, жұмыста ешқандай маска мен қорғаныш құралдары берілмейтінін, бұның барлығы иммунитеттің әлсіреуіне алып келгенін айтып, шағымданған болатын.

Толқынай Ордабаеваның сөздерін әріптесі Қаламқас Төреқұл да растап отыр.

Айтуынша, Меркі аудандық орталық ауруханасында қызмет еткеніне екі жылдай уақыт болған. Ал қазір тағып жүрген маскалары төсек жаймасынан тігілген.

"Бізге ешқандай маска берілген жоқ. Коронавирус басталғалы бері өтірік айтпасам, үш-төрт қана маска берілген шығар. Одан кейін мүлде маска берілген жоқ. Бізге қолымыздан тігуді сұрайды. Қолдарынан тігіп киесіңдер дейді. Басқа жағдайларымыз, антисептик толық қамтылмаған. Масканы бинттен тігесіңдер деп айтылды бізге. Бүгін ғана стерильный бинт беріп отыр, бүгінге дейін не стерильный бинт берген бізге.
Яғни бізде отырған басшылық экономист. Одан кейін өңшең туысқандар. Бір-бірінің туған апалы сіңлілер. Ал біздің "облыс здравымыз" яғни осы жерде отырған "зам глав врачтың" күйеу баласы. Олардың барлығы көзбояушылық, көзтаныстықпен өздерінің сөздерінің сөйлеп, бір-бірінікін дұрыс қылып шығарып алады. Бізге сіздердің көмектеріңіз керек. Біз біргеміз кезінде, коронавирус кезінде қажетті құрал жабдықтармен қамтамассыз еткендеріңізді қалаймыз", - деді ол.

Қаламқас төсек жаймасынан жасалған маскадан демалудың өзі қиынға соғатынын айтады. Ол дәрігерлердің өміріне алаңдайтынын, сол үшін осы мәселелерді шешіп беруде сұрайтынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Қаламқас Төреқұл коронавирус жұқтырған әріптесі Толқынай Ордабаеваның сөзі рас екенін алға тартты.

"Осы күнге дейін біз ешқандай құрал жабдық, маска, антисептикті толық көре алған жоқпыз. Антисептик бітіп қалған жағдайдың өзінде сұрап аламыз, маска, қолғаб берілмеген.
Толқынай Ордабаеваның сөздері рас дейтін дәрігерлер де бар. Ол кісілер жағдайды растап береміз деп отыр. Осы күнге дейін берілмеген маска, антисептик, "перчаткалар" Толқынай Ордабаеваның кабинетінен қалай бір күннің ішінде шыққанын мен түсінбеймін. Камера жоқ.
Сондықтан бір-біріне көз таныстықпен қалып жатыр. Одан кейін оның кабинетін тексерген біздің "Цестің" адамдары. "РОВД" мен әкімшіліктен бір кісі келіп тексерді. Бізге басқа жақтан "состав" керек. Біз бұл мекеменің толықтай тексерілгенін қалаймыз", - деп ашынды дәрігер.

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, Меркі аудандық ауруханасының жұмысын өңір басшының орынбасары өзі тексеретін болды.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік салаларға жетекшілік ететін орынбасары Ержан Жылқыбаев Меркі аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша кешенді тексеру шараларын жүргізетін арнайы комиссияны басқарады.

Аталған комиссия құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, прокуратура органдарының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, қоғам мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері енген.

"Комиссияның басты міндеті – медицина қызметкерлерінің шағымдарындағы барлық айтылған фактілерді объективті және әділ шешу, емдеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтарын бұзуға жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдау.

Егер келтірілген фактілер расталған жағдайда, оған кінәлі барлық лауазымды тұлғалар тиісті жазаға тартылады. Тексеру іс-шараларының қорытындысы жұртшылық назарына ұсынылатын болады", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850090-koronavirus-zktyrgan-zambyldyk-drigerdi-riptesi-mekemedegi-bylykty-skereledi/

pixel